2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер icon

2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер

Реклама:



Название2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер
страница2/5
Дата конвертации15.01.2013
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5


9 – сыныптың 11 оқушысы мемлекеттік емтихандар тапсырды. 3 оқушы арнаулы орта оқу орындарына оқуға түсті.

Сыныптан – сыныпқа көшу, мемлекеттік емтихан қорытындылары шығарылып, мониторинг жасалынды.

Мектеп - әдістемелік жұмыстарының негізгі орталығы. Кез келген педагогикалық іс - әрекет дұрыс орындалуы үшін тура байланыс пен кері байланыс та ойдағыдай жүзеге асырылуы керек. Ал кері байланыстың ең ықпалды түрі – бақылау. Бақылау – мұғалімге көмек беру деген сөз.

Мектеп жұмысын басқару, мектепішілік бақылау ұйымдастыру аса күрделі де сан – салалы мәселе. Мектеп әкімшілігі өзінің басқарушылық білім мен шеберлігін, бірлігі, әдіс – тәсілдерін игеру, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту жолында біраз жұмыстар атқарады. Мектеп әкімшілігі арасында еңбек бөлінісі мен міндеттерін нақты айқындау ісі жүргізіліп, әрбір сабақтастықты сақтау жолдарын анықтады. Мектепішілік бақылау жыл бойы барлық пәндер бойынша жүргізілді. Сол жүргізілген бақылау деректемелері негізінде төмендегідей кемшіліктер байқалды:

1.Кейбір мұғалімдер мамандық – кәсіптік деңгейінің төмендігін;

2. Үйірме, таңдау курстарының өз деңгейінде жүргізілмеуін;

3 . Оқушылар білімдерін объективті бағаламаушылықты;

4. Оқу үрдісін ұйымдастыруда мұғалімдердің оқушылардың нақты қызығушылықтарын ескермеуін:

6. Дәстүрлі сабақ жүйесінің тиімсіздігін, педагогикалық жүйеге жаңа технолгиялық бағыттылықты енгізудің керектігін т.б.

Жаңа оқу жылында мектепішілік бақылау жоғарыда аталған кемшіліктерді жою бағытындағы жұмыстарды басты нысанаға алып отыр.

Педагог қызметкерлерді аттестаттау – педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім. Педагогтарды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы №16 бұйрығына (аттестаттаудың екінші кезеңі) сәйкес өткізілді.

Аудандық аттестаттау комиссиясының шешімімен 2 мұғалім І біліктілік санатқа өтті, 3 мұғалім І біліктілік санаттарын қайта бекітті.

Аудандық білім бөлімі білім қызметкерлерінің еңбегін бағалау, жұмыс нәтижелері бойынша ынталандыру, марапаттау мақсатында рейтинг жүйесінің үлгі жобасын ұсынған болатын. Үлгі – жоба барлық пән әдіс бірлестігі отырыстарында талқыланып, қолдауға ие болды. Рейтингі мұғалімнің өзін - өзі бағалауынан, әдістемелік бірлестік жетекшісінің бағалауынан, мектеп әкімшілігі бағалауынан тұрды. Бағалау қорытындысынан мұғалім рейтингісі шықты. Рейтингі қорытындысы бойынша төмендегі пән мұғалімдер жоғары балл жинады:

1. Кенжебаев Хамаш – АӘД пәнінің мұғалімі

2. Қалмұратова Райхан – математика пәнінің мұғалімі

3. Жүсіпбаев Талғат– технология пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 24 қыркүйек 2002 жылғы №693 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқыту қарастырылған.

Бейінді бағдарлы оқыту оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқу болғандықтан 9 – сынып оқушыларының кәсіби деңгейін анықтау мақсатында сауалнамалар алынды. Қорытынды нәтижесінде оқушылардың тұлғалық бейімділігі, қабілеттері мен мүмкіндіктерінің кәсіби ой – мұраттарына сәйкестігімен 9 – сыныпты бітіруші 11 оқушының 9 – ы жаратылыстану – математикалық бағытын, кәсіптік –техникалық мектепті -1 оқушы, арнаулы орта оқу орнын 2 оқушы таңдағаны анықталды.

2011-2012 оқу жылында жаратылыстану – математикалық бағытты 11 сыныпта – 14 оқушы, 10 – сыныпта – 14 оқушы таңдады. Жоғарыдағы бағдарға сәйкес типтік оқу жоспарының вариативті бөлігінен қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламалары жасалынып, оқушы сұранысына сәйкес оқытылды.

Оқу жылының қорытындысы бойынша қолданбалы білім курстарының білімділік сапасы төмендегідей:


Р/с

Курстың тақырыбы

Сыныбы

Білімділік сапасы

Пән мұғалімі

1

Адам – биологиялық түр

10

78%

Сыздықбаева Ә

2

Микроэлементтер – тіршілік тірегі

10

71%

Сыздықбаева Ә

3

Тілдік талдау

10

71%

Байдалиева А

4

Қазақстан – тәуелсіздік жолында

10

78%

Базарханова Н

5

Элементар математика есептерін шығару тәсілдері

11

42%

Бейсбаева Н

6

Деңгейлік тапсырмалар арқылы физика жаттығуларын орындау

11

64%

Тоқмұханбетов Қ

7

Тілдік талдау

11

69%

Байдалиева А

8

Тарихи тұлғалар

11

78%

Алтынбаева Ж


Сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1 – 11 сыныптар аралығында мамандыққа байланысты, мамандықтың қыр-сырын түсіндіру мақсатында іс-шара өтті.

“Дарын” ОҒҚ-ң мүшелері және секция жетекшілерімен жыл басына жүйелі жұмыстар атқарылып, “Жас ғалым - 2011” атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференциясының өлкетану секциясында белсенді қатысқаны үшін 10 - сынып оқушысы Дайырбеков Қыдырәлі жүлделі ІІ орынмен марапатталды (жетекшісі Базарханова Назерке), аудандық “Мен және менің болашағым” тақырыбында 10 – сынып оқушылары арасында жоба қорғауда Дайырбеков Қыдырәлі жүлделі ІІІ орынмен марапатталды (жетекшісі Қалмұратова Райхан) “Жас ғалым - 2012” аудандық ғылыми – тәжірибелік конференциясының тарих секциясында 10 – сынып оқушысы Уали Наргиз жоба қорғады (жетекшісі Алтынбаева Ж)

Мектебіміздегі үздік 8 оқушы “Қазақстанның үміт күтерлері” республикалық жинағына ұсынылды.


^ Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадаларға қатысу көрсеткіші:


Оқу жылы

Олимпиада деңгейі

Қатысқан оқушы саны

Нәтижесі

І орын

ІІ орын

ІІІ орын

Алғыс хат

2010 - 2011

Аудандық

8

-

3

-

1

Облыстық

-

-

-

-

-

2011 - 2012

Аудандық

9

1

2

1

1

Облыстық

1

-

-

-

-


Жалпы мектепте беріліп жатқан курстардың мазмұнды берілуі, оқушылардан ғылыми негізде алынатын олимпиадалардан, ғылыми жобалардан, жоғары нәтижелерге жетуі болып табылады. Жыл басынан бері оқушылар түрлі интеллектуалдық марафондарға зор қызығушылықпен қатысып жүлделі орындарға ие болды.


^ Интеллектуалдық марафондарға қатысу көрсеткіші




Интеллектуалдық ойындар

Қатысу саны

^ Жүлделі орындар

1

Ақбота

27

-

2

Русский медвежонок

5

-

3

Кенгуру

-

-

4

Золотое руно

5




5

Вritish Bulldog

5

-


Мектепте бағдарлы сынып оқушылары барлық пәндер бойынша оқулықпен 100 пайыз қамтылған. Бағдарлы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің І санаттылар – 8, ІІ санаттылары – 3.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында нақтыланған 12 бағыты болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті ел ұланы етіп өсіру мақсатындағы сұранысты қанағаттандыратын мемлекеттік құжат. Бағдарламадағы тәрбие түрлері бір – бірімен тығыз байланысты әрі кешенді сипатта жүзеге асырылады.

Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдерінен полиция қызметкерлеріне көмек ретінде арнайы жасақ тобы құрылып, жыл көлемінде ата – аналар құқық бұзушылық және қылмысқа қарсы күрес айлықтары болып өтті. Аудандық ІІБ-нің КТІЖБ-де тәртіп бұзушылық пен қылмысы үшін есепте тұрған оқушы жоқ.

Әрбір жеке тұлғаның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды затарды қолданудан бас тартуына және салауатты өмір салтын ұсынуына ықпал ету мақсатында, оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмір жайлы түсініктерін қалыптастыруға, дарынды, жігерлі, батыл оқушылардың өзін - өзі көрсетуіне, ерік – жігерін шыңдауға бағытталған түрлі шаралар өткізуде сынып жетекшілердің өзіндік үлесі бар.

Тәрбие үрдісін басқару, сынып жетекші болу – күрделі іс. Сынып ұжымын ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасын қалыптастыру – сынып жетекшінің тікелей міндеті.

Сынып жетекшілер бірлестігінің – 11 мүшесі бар. Сынып жетекшілердің 2-еуі арнаулы орта, 9 жоғары білімді мамандар.

Мектептегі тәрбие жұмысының өткен оқу жылындағы негізгі мақсаттарының бірі – оқу – тәрбие әрекетінде өз Отанын сүйіп, құрметтейтін, өзара қарым – қатынас жасай білетін, өзін -өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре алатын құзырлы тұлға қалыптастыру болды.

2011 -2012 оқу жылында мектебіміздегі 105 оқушының әлеуметтік жағдайына тоқталсақ, 19-і жартылай жетім, 26 - көп балалы және тұрмысы төмен отбасының балалары. Жыл көлемінде осындай ерекше қамқорлықтағы 22 оқушыға қаржы бөлініп, бір мезгіл құрғақ тамақ ішсе, 40 оқушы жалпы оқу қорынан бөлінген қаржы есебінен киім –кешекпен қамтамасыз етілді. 4 оқушы аудандық «Сыр ұланы», 1 оқушы «Талдысу» лагерінде демалды.


^ Жаңа оқу жылында алға қойылатын негізгі міндеттер.


Мектепте 2011-2012 оқу жылында атқарылған оқу – тәрбие жұмыстарына жасалған талдаулар негізінде мектептің 2008-2013 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасының ІІІ кезеңін іске асыру мақсатында және аталған кемшіліктерді жою, әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында 2012 – 2013 оқу жылына басым бағыттар белгіленіп, оны орындау мақсатында төмендегідей міндеттерді қадағалаймыз:

  • Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.

  • Білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында интерактивті оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;

  • ҰБТ орталығын құру, білім сапасының орта балын көтеру бағытындағы жүйелеу, үздіксіздендіру, нәтижеге бағыттау;

  • «Ұлағат» мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмысын жандандырып, озат тәжірибелерді ақпараттандыру, насихаттау;

  • Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік білім беру стандартын, мемлекеттік білім беру стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру, жұмыстарын ұйымдастыру;

  • «Дарын» оқушылардың шығармашылық тобының жұмысын жетілдіру;

  • Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету, өзара кәсіби бәсекелестік орнату;

  • Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

  • Мұғалімдердің оқушылар білімдерін бағалауда объективтік принципін ұстауға бағыттау;

  • Жеке оқушымен жұмысты жетілдіру жолдарын қарастыру;

  • Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарының деңгейін көтеру;

  • Математика, физика пәндерін оқушылардың үлгірім көрсеткіштерін көтеру, математика, физика және орыс тілі пәндері бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру;

  • Сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне семинар, оқулар ұйымдастыруды қолға алу

  • Мұғалімдерді зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.

  • Оқушыларды бейінді оқыту жағдайында бағдары кәсіби ағартушылық, кәсіби насихат және кеңес беру мақсатындағы мазмұнды іс – шараларды жүргізу;

  • Оқушыларды даралап және саралап оқытуда жаңа технологиялармен жүргізетін жұмыстарды жандандыру;

  • Элективті курстарды оқушы сұранысына сай мазмұнды жүргізу;

  • Бейінді оқыту жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілерімен жүргізілетін жұмыстарды күшейту;

  • ҰТБ-ға жан – жақты дайындық жүргізу;

  • Оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне ықпал ететін интеллектуалдық шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыру;

  • Сынып жетекшілерінің жеке оқушылармен, тәрбие деңгейі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстарын ерекше бақылауға алу;

  • Қолайсыз отбасыларды жете анықтап, ауыл әкімшілігімен, ата – аналар комитетімен бірлесе жұмыс жүргізу;

  • Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында сыныптан тыс үйірмелер, спорттық секциялар жұмысын жандандыру;

  • Ата – аналар, ауыл жұртшылығымен ынтымақтастықты нығайту;

  • Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды көбейту, сапасын арттыру;

  • Сынып жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттырудағы жұмысты жетілдіру.



^ Мемлекеттік нормативтік Заңдарды орындауға жоспарланған іс – шаралар




^ Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

Күтілетін нәтиже

1.

ҚР бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Жыл бойы

Тоқмұханбетов Қ

Күлімсейітова М.


-кәсіби міндеттерді дербес әр шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті,, кәәби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылады;

2.

2.1. Педагог мамандар мен оларға теңестірілген қызметкерлердің лауазымдық тізімі 3.09.1999 жыл №1304

2.2. Оқу жүктемелерін бекіту туралы нормативті құжат 27.08.1999 жыл №1262




Күлімсейітова М.

Тоқмұханбетов Қ.

  • РИК-83 есебін сауатты жасап тапсыру жүзеге асады.

  • Оқу жылы жүктелемелерін бөлу кезінде басшылыққа алынады, оқу сапасының тиімділігі мен сапаыс артады.






3.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 15 мамыр 2007 жыл. №252 ҚРЗ

Жыл бойы

Тоқмұханбетов Қ.

ДО

Райымбекова А.

- Мұғалімдердің еңбек қатынастары және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделері қорғалады. Еңбек тәртібі нығаяды, мектеп қызметкерлерінің еңбек тиімділігі артады. Тынығу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері реттеледі.

4.

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің оқулықтармен қамтамасыз ету ережесі ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 19.02. №173 қаулысымен бекітілген, ҚР 03.12.04 ж. №1261 қаулысымен енгізілген түзетулермен

Қыркүйек

Тоқмұханбетов Қ.

ДО

Мадиева Ж.

Сынып жетекшілері

- Мектеп кітапханасы арқылы оқулықтарды қайтарымды негізде пайдалануға тегін беру мен оқулықтарды бөлшек сауда орындарынан сатып алу жолы жүзеге асады.

- әлеуметтік көмек беру сапалы жүзеге асады, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру талаптары орындалады.




3.1. Білім және ғылым министрлігінің № 969 13.01.2003 жылғы бұйрығына сәйкес құжаттарды толықтыру және сақтауға қоятын талаптармен таныстыру туралы

3.2. Қатаң есептегі құжаттарды толтыру 15.03.2006 ж. №175 ҚР Үкіметінің өкімі

қыркүйек


Ақпан


Мамыр

Дүйсенбаева А.

Күлімсейітова М.

Бейсбаева Н.


Тоқмұханбетов Қ.

Мектепте бағдарлы басқару мен жүйелі іс жүргізу мүмкіндігі жасалады.

5.

ҚР №812 28.08.1998 жылңы Үкімет қаулысы бойынша жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығының жоспарын бекіту мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын анықтап, тамақтануды, ыстық тамақпен қамтамасыз етуді тиімді ұйымдастыру.

Қыркүйек

Тоқмұханбетов Қ.

Бейсбаева Н.


Сынып жетекшілері


-әлеуметтік қорғау шараларын жүйелі іске асыру жүзеге асады;

6.

ҚР балалар құқығын қорғау туралы 8.2002 №345

Жыл бойы

Тоқмұханбетов Қ.


Бейсбаева Н.



Ата-аналар жиналысын және жекелей жұмыстарды сауатты жүргізу мен басқару тиімділігі артады.

7.

ҚР оқушы жастарына құқықтық тәрбие беру концепциясы 21.06.1995. №2347 ҚР Президентінің қаулысы

Жыл бойы

Оқушыларға құқықтық және этномәдениет тәрбиесін беру жақсарады.

8.

ҚР этномәдениет білім концепциясы 15.06.1996 №3058

9.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу туралы 09.07.2004 ж. №591

Қыркүйек

Бейсбаева Н.

Мектеп оқушылары арасында қылмысты болдырмау мен қоғамдық тәртіпті нығайту жақсарады.


10.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің, төтенше жағдайлар бойынша комитеттің бірлескен 8.12.1996 ж. №241 бұйрығы бойынша қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу және басшылыққа алу.

Жыл бойы

Кенжебаев Х.

Пән мұғалімдері

Сынып жетекшілері


-адам өмірінің қауіпсіздігі және еңбек тәртібінің сақталуы жүзеге асады, сапалы жұмыс жүргізуге қол жетеді;

11

ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің, төтенше жағдайлар бойынша комитетінің бірлескен 8.12.1986ж № 241 бұйрығы бойынша қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу басшылыққа алу.

Жыл бойы

Кенжебаев Х

Пән мұғалімдері

Сынып жетекшілері

  • адам өмірінің қауіпсіздігі және еңбек тәртібінің сақталуы жүзеге асады, сапалы жұмыс жүргізуге қол жетеді;

  • материалдық – техникалық базаны нығайту жаңа заман талабына сай жабдықталған кабинеттер саны көбейді;

  • оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді, салауатты өмір салтын дағдыға айналады;

  • мектеп ортасында қолайлы микроклимат туғызылып, оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылығы қамтамасыз етіледі;

  • Зиянды әрекеттерді болдырмауға қол жетеді.

12

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі № 4 5.01.2000 «Салауатты өмір салты» бағдарламасын басшылыққа алу

Қыркүйек

Ахметова Н




13

ҚР білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелері БжҒМ 2000 жылғы 10.07.№ 708 бұйығы бекітілген және мектепшілік ереже бойынша оқушылардың еңбек тәртібін сақтауы, сабаққа қатысуы, мектепшілік Ережелердің орындалуы.

Қазан

ДО




14

13.1 Зиянды заттарды қолданудың алдын алу сұрақтарын қарастыру туралы № 485 10.06.1998 жыл 13.2. Шылым шегудің алдын алу. 10.07.2002 ж.№ 340

Қазан

Қараша

Бейсбаева Н

Ахметова Н




15

ҚР Білім және ғылым министрінің № 16 22.01.2010 жылғы бұйрығы негізінде мектепішілік мұғалімдерді аттестаттау комиссиясының отырысы.

Желтоқсан

Наурыз

Мамыр

Күлімсейітова М

- мұғалімнің біліктілік деңгейін көтеру және кеңейту нәтижесінде білім беру саласында мұғалім іс - әрекеттерін зерттеу бағыты күшейді, сапалы білімге қол жетеді.

16

ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Білім берудің бастауыш және негізгі сатыларының арасындағы оқытудың сабақтастығы қамтамасыз ету жөніндегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы» 12.08.2005 № 1-02-2-1/1827 әдістемелік хаты негізінде: 4 – 9, 5 – 10 сыныптардағы оқу тәрбие процесіндегі сабақтастық

Қазан

Сәуір

Күлімсейітова М

  • білім берудің барлық деңгейіне қол жетімділік пен сабақтастық қамтамасыз етеді. Сынып оқушыларының интеллектуалдық даму қозғалысы және келесі буынға көшкендегі мінез – құлқындағы ерекшеліктер анықталады, оқытудың сабақтастығы қамтамасыз етіледі;

  • қабілетті және дайындығы жоғары оқушылардың білім алуына тиімді жағдайлар жасалады, бағдарлы пәндерден оқушылардың жоғарғы дайындығы іске асырылады, пәндерді тереңдетіп оқытуды, таңдаудың өрісі кеңейіп және оқушылардың бағдарына сәйкес ЖОО түсулеріне дайындау мақсатында бағдарлап оқыту жүзеге асады.

17

ҚР Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және қолдау» туралы Өкімі 1996 жыл және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп туралы Ережелерге сәйкес дарынды балалармен жұмыс жүйесі.16.09.1996ж. № 1125

Жыл бойы

Дүйсенбаева А




18

ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 213 16.03.2004 жылғы бұйрығы және 13.03.2004 жылғы №317 ҰБТ ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес 11 сыныптарда дайындық жұмыстарын жүргізу.

Қазан

Мамыр

Тоқмұханбетов Қ

Күлімсейітова М

ДО






19

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 570 және ҚР білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 27 наурызындағы №02-2-1/227 «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың оқу, мазмұн және құрылым жағдайларына санитарлық – эпидемологиялық талаптары туралы» бұйрығы

Сәуір

Ахметова Н

Дүйсенбаева А




20

Мектепшілік бақылау ҚР Білім және ғылым министрлігінің аралық бақылауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі туралы № 561 20. 11. 2007 және 8.03.2005 ж ҚР МЖМБС «Жалпы орта білім беру ұйымдарында МАБ өткізу технологиясы»,

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Қаңтар

Дүйсенбаева А

- білім берудің статистикалық көрсеткіштер жүйесі, білім беру жүйесін дамытудың мониторингі, оны болжау жүйесі, білім беру

21

ҚР Білім және Ғылым министлігінің 18.08.1998 жылғы № 460 бұйрығы негізінде арнаулы курс факультатив, үйірме жұмыстарында басшылыққа алу.

Қараша

Ақпан

Наурыз

Дүйсенбаева А

Күлімсейітова М

Бейсбаева Н

- жас өрендердің қосымша білім алу арқылы шығармашылық және интеллектуалдық дамуына жол ашады;

22

Білім мониторингісін жүргізу ережесі. 2.03.2005. № 213 ҚР өкіметінің Өкімі

Жыл бойы

Күлімсейітова М

Дүйсенбаева А

Оқу – тәрбие сапасының мониторингісін шығаруға басшылыққа алынды.





ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 18.08.1998 жылғы № 460 бұйрығы негізінде арнаулы курс факультатив, үйірме жұмыстарында басшылыққа алу.

Қараша

Ақпан

Наурыз

Дүйсенбаева А

Күлімсейітова М

Бейсбаева Н

- жас өрендердің қосымша білім алуы арқылы шығармашылық және интеллектуалдық дамуына жол ашылады;

23

Бекітілген мемлекеттік мүлікті жарамсыз деп тану туралы нұсқау. 1.11.2000.№ 470 ҚР қаржы Министрлігінің бұйрығы

Желтоқсан

Тоқмұханбетов Қ

Мемлекеттік мүлікті сақталуы мен есептен дұрыс шығарылуы жағдайы тәртібі сақталады

24

23.1.ҚР «Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы» № 352 бұйрығын дене тәрбиесі сабақтарында басшылыққа алу.

Қаңтар

Абитаев М

  • оқушының толық мәнді қоғамның азаматы ретінде, өзіндік және қоғамдық заңдылықтарымен үйлесімді өмір сүруге қабілеттілігіне мүмкіндік жасалып, дамиды;

  • Еңбек тәртібі күшейеді;

25

ҚТ мен еңбекті қорғау сұрақтары бойынша мектеп басшылары мен мұғалімдерінің және жауапты адамдардың білімін тексеру ережесі

Қаңтар

Райымбекова А

Кенжебаев Х




26

25,1. Еңбек және әлеуметтіек қорғау Министрлігінің бұйрығы 27.12.2004.№ 312 25.2.Еңбек кітапшасын жүргізу және сақтау туралы 24.03.2005.№ 75

Жыл бойы

Райымбекова А

Тоқмұханбетов Қ

Кенжебаев Х




27

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің «алғашқы әскери дайындық туралы» 2006 жылдың 24 мамыр № 449 қаулысы негізінде, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Қарулы күштерінің Бас штабы мен ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеті төрағасының бұйрықтары мен директивалары

Ақпан

Кенжебаев Х

Күлімсейітова М

  • АӘД сабақтарына қойылатын талаптар мен міндеттер күшейеді, әскери қатаң тәртіптер оқушы дағдысын айналады.


Салауатты өмір салты қалыптасады.

28

«Денсаулықты нығайту мектебінің» жұмыс жүйесінде денсаулық сақтау Министрлігінің 24.10.1998 жылғы № 572 бұйрығын орындау

Сәуір

Бейсбаева Н






29

Оқу тәрбие үрдісін кешенді ұйымдастыру бағдарламасын іске асыру шараларында 07.07.2000 жылғы № 791 ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығын басшылыққа ұстау




Тоқмұханбетов Қ

ДО

  • Нәтижеге бағдарланған бәсекеге қабілетті білім алу жағдай жасалынады;

  • Білім берудің барлық сатысын оқу - әдістемелік қамтамасыз етудің тиімді жүйесі жасалады, білім беру жүйесінің біріңғай білім беру ақпараттық ортасы құрылады;

30

Оқу тәрбие үрдісін ақпараттандыру шаралары

Наурыз







31

ҚР БжҒМ және Қызылорда облысының жалпы орта білім беретін ұйымдарында жаңа 2011 – 2012 оқу жылының басталуы туралы бұйрығы мен нұсқау хаттарын басшылыққа алу

Жыл бойы

Тоқмұханбетов Қ

ДО




32

ҚР Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Концепциясын, 2005 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны (11.10.2004 № 1459 Жарлығымен бекітілген) жүзеге асыру

Жыл бойы

Тоқмұханбетов Қ

ДО

Басқарудың қаржылық, құқықтық аспектілері мен психологиялық хал – ахуалы жақсарады;

33

ҚР «ҚР Тіл туралы Заңының» орындалуы № 151 – 1 11.07. 1997 жыл.

Қараша

ДО,

Бейсбаева Н

Дүйсенбаева А

ҚР тілдердің қолдануының құқықтық негіздерін, мектепте оларды оқып – үйрену мен дамыту үшін іс – шаралар жүзеге

асады.

34

ҚР Білім және ғылым министлігінің 2006 – 2010 ж. арналған жазғы каникул күндерін ұйымдастыру бағдарламасы. 2006.18.05.№ 18.05.2006, № 132 ҚР Прем. Мин. Өкім

Мамыр

Маусым

Тоқмұханбетов тҚ

Бейсбаева Н

Жұбанова Г

Оқыту мен демалуды ұштастыру арқылы оқушылардың тиімді жазғы демалысы ұйымдастырылады;


1   2   3   4   5



Реклама:

Похожие:

2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер iconІлім саласында еңбек етіп құрметті еңбек демалысына шыққан
Кәрібаева Гүлжан 1940 жылы 5 ақпанда «Жаңатұрмыс» колхозында дүниеге келген. 1958 жылы 7 жылдық мектебін бітіріп, Қызылордадағы Мәншүк...

2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер iconВекторлық әдістің маңызы
Сондықтан ғылыми жұмысымның негізгі мақсаты – векторлардың қолданылуы болып табылады. Ғылыми жұмыста негізгі қамтылған мәселелер...

2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер icon142 «ххх жылдық Қазақстан» орта мектебінің 2011-2015 жылдарға даму жоспары
Демографиялық болжам бойынша балалардың саны тұрақты түрде өсіп отырғанын көрсетеді. Егер 2002 жылы аудан аумағында 1200 бала жыл...

2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер iconБастауыш сыныптар бойынша 2011-2012 оқу жылындағы жұмыс жоспары
Білім және Ғылым министрлігінің 11. 02. 2000 жылғы №822 «Мектеп жасындағы балалардың оқуға қамтылуы» туралы бұйрығы

2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер icon«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов №142 орта мектептің 2010-2011 оқу жылына арналған айлық жоспары №1 Педагогикалық кеңесте қаралды
Сапалы білім, саналы тәрбие, сауықтыру және әлеуметтендіру біртұтас жүйесін қамтамасыз ететін, нәтижеге бағытталған мектеп моделін...

2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер icon№154 негізгі мектеп бойынша 2010-2011 оқу жылында мад-қа келетін оқушылар жайлы сандық мәлімет

2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер icon148 қазақ орта мектебінің тәрбие жоспары ( 1 11 кластар ) Мектеп директорының
Сынып жетекшілермен оқушылар Қ. Р кешенді тәрбие бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыс жүргізе отырып төмендегідей көрсеткіштерге қол...

2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер iconПифагор теоремасының ДӘлелдемелерінің ТҮрлері және қолданылуы
Пифагор б з д. 570 жылы Самос аралында туған. Пифагордың әкесі Мнесарх зергер болған. Пифагордың анасының аты белгісіз. Көптеген...

2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер iconХижра жылын есептеу
Он екі жыл бір айналғанда бір мүшел толды деп есептелінетін. Жыл басы ”тышқан” жылы болды. 1996 жылдың наурызында тышқан жылы басталса,...

2012 жылы 29 тамыз күні педагогикалық кеңесте талқыланды ЖҰмыс жоспарының тараулары бойынша қаралатын негізгі мәселелер iconМемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., n 17-18, 247-құжат; "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 10 тамыз n 170-171

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©sd2.uchebalegko.ru 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы